Posted in

ЖАН-ТӘНІН САЛДЫ

Күш-қайратын сарқа жұмсады, еш аянбады, барын салды. ~ «Жұмысы ауыр,– деп ойлады Ботагөз,– жұрт жұмысынан жан-тәнін аямайды. Көптің қамын ойлаймын деп өз басын ескермейді. С.Мұқ. ~ Бастықты аяғаннан ұтқысы келмейді. О кісі шахматқа әкесі өлгендей жан-тәнін салады, шаруасы шалқайса, кәдімгідей қызараңдап, шатақ шығарады — шақар… М.Қаб. ~ Жас жігіттерден қалыспай, жан-тәнін салып апырып-жапырып жүргесін бұлар да жұмған аузын ашпады. Ә.Нұрп. ~ Жан-тәнін салып қызмет істеп, қазақтың кең даласын қайыстырған ағыл-тегіл мол әскерді жол бойы бір рет шөлге ұрындырмады. Ә.Нұрп.