Posted in

ЖАН (ЖАНЫН) ҚИДЫ

Басын өлімге тікті, өмірін пида етті, жанын аямады. ~ Жалғыз-ақ Ақбілек үшін қара мұрттың жанын қиғаны рас. Ендеше, жақсы көргені рас. Ендеше, жақсы көргендей, Ақбілек сұлу екен. Қазақ тұрсын, орыстың боздақ жігіті де Ақбілекке қызығады екен, жанын қияды екен. Әйелге бұдан артық құн бола ма? Сый бола ма? Ж.Айм. ~ «Иә, иә, адамдар тек осындай жаста ғана – он тоғызында немесе жиырмасында ғана намыс үшін, махаббат үшін, жандарын қия алады. Мұндай жаста адам шындық үшін күресе алады». Т.Әбд. ~ Қазақта төңкеріс үшін алысқан, жан қиған ерлер болды ма? Болса, олардың өмірі немен өтті? Ж.Айм.