Posted in

ЖАН (ЖАНЫН) САЛДЫ

Барын салды, аянбады. ~ Өзгелерді көрмей, шешесі мен екеуіне орынсыз келіп соқтығып тіл тигізгені мейлінше зəбір боп көрінді. Мұрда ауырып жатқанда тəртіп сақтауға жанын салған осы екеуі емес пе еді? Ж.Айм. ~ Демежанның жан салып, сүйсініп істейтін бір жұмысы — осы қызыл ұшыру. Қ.Жұм. ~ Ештайдың бүгін ғана емес, кеше күні бойы миыма құйған «дәрісі» ұмытылып, мен де жан сала ұмтылғам. Тапырақтап қуып жеткен Ештай қолымнан ұстай алды. К.Сег. ~ Бәйтен мектеп оқушылары мен ауыл комсомолдарының біріккен ойын–сауығын дайындауға жанын сала кіріскен. Т.Әбд.