Posted in

ЖАН АЗАБЫ

Іштей қайғы шегу, қиналыс, жүректегі шер. ~ Ұлпан бір жасқа толған Біжікенді әкесіне көрсетуге алып келген күннен бері жан азабы күшейіп кетті. Ғ.Мүс. ~ Осы ашық райдың арқасы ма, Әсет жан азабынан арылып, көңілді қалпына түсе бастады. Қ.Тол. ~ Ал, Бастакең қарт құдай алдына кеткелі әл үстінде жатып, ел-жұртының үрім-бұтағының болашағына ес қатар ақыл айтып, жөн көрсетіп кеткісі келіп жан азабына түседі. Ғ.Біл.