А) Қорғансыз пендеге қиянат жасаушы зорлықшыл адам, озбыр жендет д.м. ~ Болыс, тілмаш, ауылнай, шабарман дегендерді, тағы түрлі «адам» болып «атқа мінгендерді» Қартқожа зорлықшыл, жалмауыз, жан алғыш деп ұғынушы еді. Ж.Айм. ~ Жайнаған жасау, кілем көрпе, шытырдай маңғаз болыс, жарқыраған күміс, шыны ыдыс, керім келіншек, ер-тоқым, қара саба, ең аяғы оқа белбеуге шейін Қартқожаға жан алғыштай көрінді. Ж.Айм. ~ Қазір аспан астындағы ел болған ел, халық болған халықтан қанша Әзімдер шығып, жұдырықтай жердің жан алғыш жендетіне айналып жатыр. Ә.Нұрп. ~ Анаумынау деп керi лағып, аспанға қарап ұлығандар, қаламын жалаңдатқан жас перi жан алғыштарын жауып жiберiп, бiр-екi рет шаңын қағып алғаннан кейiн жым болатын. Т.Сәу.
ә Діни ұғым бойынша адамның өмірін алатын Әзірейіл. ~ Қас қараяр-қараймаста, күнбатыстан шатынаған, шақшиған, жалғыз көзді жан алғыштан жаман жарық жұлдыз шығады, күннен күнге шарықтап, көкке өрлейді, жел қасарып, Темірқазықтан таймай ызғырады да тұрады. Ж.Айм.
