Қатты қысты; берекесін алды, қатты састырды, тықсырды.
~ Ал қазір қазақ елін шүршіт кеп жан алқымнан алғанда, енді бірде-біреуі «сен бізді кәпірге саттың, ханды да соған көндірдің» демейді. І.Ес. ~ Жасырып келген сырын Біжікен шешесіне жарық дүниеден үміті үзіліп, жаны алқымға келгенде ғана айтып кетті: — Торсан бұзық адам екен… енді менің денеме… соның қолын… тигізе көрме, апа! —деді. Ғ.Мүс. ~ Емендей иілмейтін тәкаппарлық пен қанжардай қатқан өжеттік жан алқымға келгенше ғана дәуірлейді, тұщы етіне ащы таяқ өткеннің бәрі мүсәпір, айтқаныңа көніп, айдауыңа жүреді. А.См. ~ Бір жағынан «енді қашан» деп Қожанияз жан алқымға алып барады. Енді не істеп, не қоярын білмей жүргенде көктен іздегені жерден табылып, әйгілі отыз жеті келді «халық жаулары қайда»-лап. Н.Дәу. ~ Мен өзім жұмыс десе жыным бардай, алдыма келген істі Алласына тілін келтіртпей жан алқымнан алып, аударып тастап отырамын. О.Әуб. ~ Мектептен шығатын уақыты әлі бола қойған жоқ. Әлгі Шекіш шал болса, жан алқымдарынан алып, діңкілдеп тұр. Не боп қалды екен? Ш.Айт.
