Posted in

ЖАН АЯМАС ДОС

Ең жақын, ажырамас, сен үшін жанын беруге даяр дос. ~ “Әкесі достың баласы дос” деген қазақ дәстүріндегі қасиетті қағида Тауман сүйегіне де ана сүтімен бірге сіңген. Содан да өзімен мінездес, ер көңілді Қылышбай оның жан аямас досы. С.Дос. ~ Пароходта менің жан аямас көп достарым бар. Амантай соларға барса, олар бұл кісіні сақтай алады, және мойны қашық жер, бұл кісіні ол жақта танитындар жоқ. С.Мұқ.~ Мұсылманқұл Мәделінің жан аямас достары Мусабек пен Рысқұлбекті Кенесарының уәзірлігіне, немесе біреуі Меркінің құсбегілігіне ұсынатынын айтқанда, Мәделі қарсы болып: –Аға бұл жігіттер Көктіңұлының уәзірлерінен кем емес, елге қажет ғой – деп, келіспеген. АҚ “Арпалыспен…”