Posted in

ЖАН БЕРІП, ЖАН АЛЫСТЫ

Аянбай соғысты, қасық қаны қалғанша арпалысты ~ … осы дала үшін жан беріп, жан алған батырлардан қалған мықтың үйі – оба тастар, сағаналар; қара күзде қыстауға құлаған төрт түлік малдың көптігінен – қараған кісі көзіне, бейне, сары даланың өзі жер бауырлап жылжып келе жатқандай көрінер еді. Д.Дос. * Жаңа ғана жан алып, жан беріп екіленіп жатқан сайтанның үні өшіпті. Жалаңаш бөксесі дөңкиіп төсекте жалғыз жатыр. Н.Дәут. * Бұл – жаз басында тұйғынмен айқасып, топшысы сынатын баяғы қараша қаз. Балапандары үшін жан беріп, жан алысқан бейбақ. С.Жүн. * Тұлпарының осы бәсекеде тауын шағатын қыл құйрық тек солар ғана, артық туған арғымағы жан беріп, жан алысатын егесте намысты аяққа таптатсын ба, барын салары анық. А.См. * Жан алып, жан беріп жүріп, сауғызғаныңмен бір тұсақтың бір тостақ сүт берері шамалы. К.Сег. * Ақтөс жан алып, жан беріп келе жатып, жағымды, керемет бір үнді естіген… К.Сег. * Бар қызуымен лапылдап, өртеп жатыр. Бірақ қыз селт етер емес. Сұлық. Оның жан алып-жан беріп жатқаныңда шатағы жоқ. Қимылсыз. Т.Сәу.