Күллі адам баласы. ~ Жан біткен жер үстінде жалғыз дүркін тіршілік етпек; ал осынау бір-ақ рет берілер өмірде адам бола білуден асқан бақыт бар ма? З.Қаб. ~ Шешен тіл, ақылы дана, өнерпаз ер, Жарқылдап топты еркін жарып отыр. Ықтырып бет қаратпай жан біткенді, Бәрін де айтысқанның жеңіп отыр. Т.Әл. * Әттең, не пайда, жұрты құрғыр осы бір бала мінезді, ақ жарқын елгезек қыздың таныса да, танымаса да жан біткенді жатсынбай, өз аяғынан жайраңдап жетіп баратын жайдары мінезін түсінді ме? Ә.Нұрп. ~
