А) Тіршілік нышаны байқалды, бойға қан жүгірді. ~ Жасыған бойыма жан кіріп, әлсіреген жүрегіме қан жүгіргендей болды. Мына капитанды әлсіз жерінен ұстағандай көріндім. К.Қаз. ~ Тоқылдап қатқан пималарын шешіп жіберіп, бір- бірінің аяғын қармен ысқылап еді, енді башпайларына да жан кіріп, қан жүгірген. О.Бөк. ~ “Бұқа” үй иесінің әңгімесін тарс ұмытып қызға қадалды. Түсі жылыды. Кеудесіне жан кірді. “Бұқа” көп ұзамай ыржалақтап күле бастады. С.Елу.
Ә). Жанданды, гүлдеді, құлпырды; көктем лебі сезілді. ~ Жазғытұры көшіп кеткен иесіз қыстауларға жан кіріп, ішінде адамдар көрінетін болған. Ж.Айм. ~ Күні кеше осы маң қалың көрпесін қымтай салған қыс қойнында мүлгіп жатқан. Бүгін көктем келді де табиғатқа жан кірді. С.См.
Б) Көңілі шалқыды, рахаттанды.
~ Бұл жердің жазы адамға жан кіргізіп қызық қуанышқа батыратын лептің орнына әлде бір қанағат лебімен соққандай еді. Ә.Марғ.
