Posted in

ЖАН ҚАЛМАДЫ

А) Қатты қорықты, зәресі ұшты. ~ Судан аман-есен өтіп, арғы бетке қайқайып бара жатып кейініне түскен қуғыншы әскерлердің иттерін ізіне салып қыр соңынан келе жатқанын байқап қалды. Шөкеде жан қалмады. Б.Жұм. ~ Құдай бір сақтады, ә? — Сен тұрмақ, біздің өзімізде жан қалмады. Амансыз ба, әйтеуір? Қатты шүйлікті ғой, тіпті! – десіп жігіттер Өмірәліге сұрақты жаудыра көтеріп алды. — Ой, құдай бір сақтады-ау! – дейді Өмірәлі де ентіге әзер сөйлеп, – Жан қалды ма, қалмады ма?! Т.Мәм.
Ә) Аяғынан тік тұрды, безек қақты. ~ Оу жиеншар, жаман неме, сен де келіп қалдың ба-ей! — деп келіп, бұны да қолтықтан демеп жіберді. — Тәйекеңнің үйіне алғаш ат ізін салуың осы да! Жапарда жан қалмады, ә дегенше тайыншадай қара қасқа қойын жайратып салды, сол маңайдағы өзіне көңілдес шопандарын шақырды. Ә.Тар. ~ “Апатай-ай” деген үнде соншалықты өзімсіну, іштарту сияқты сезімнің нышанын аңғарған кемпірде жан қалмады: — Қалқам-ай, шырағым-ай, не боп қалып еді? Ауырып қалдың ба? Кәне, кірші үйге, жатшы, төсек салып берейін!— деп келінін айналып, үйіріле түсті. Ә.Тар.