Жанын сала әрекеттенді, бойындағы бар күшін сарқа арпалысты, тыным таппады, күшене қимылдады. ~ Шыдай алмай күйіп-жанып кеттім қашып, Қылмауға көзге күйік жан таласып. С.Тор. ~ Бұйратқа кіргізбеуге Амантай жігіттері қанша жан таласқанмен, Алексей отрядының мықты қаруы шыдатпады. С.Мұқ. ~ Құрым үйдің жыртығынан сығалайды да түнереді. Сыртқа шығуға еркі жоқ, жан таласқан бір адам. Ғ.Мұст. ~ Бұрын мұндай жағдайды көрмеген жас шіркін, қараңғы түнде жол таба алмаған жолаушыдай жан таласты. І.Ес.
~… егде, мосқалдыққа беріскісі келмей, үш керегенің арасында жан таласатын шаруақор бай үнемі ұйқылы-ояу маужырап, қалжырап жүреді. С.Жүн.
