Адамды толғантып, толқытар, сезімін оятар. ~ Аздан кейін опера увертюрасы басталды. Зал Вердидің ой толқытып, жан тебірентер құдіретті музыкасының үндеріне толды. І.Ес. ~ Сұлу беті бал– бұл жанып, əлденеге ризалықтан туған ішкі бір əсем сезім лып– лып сыртқа тепкендей. Көзінде жан тебірентер жылылық бар. З.Қаб. ~ Сондай кезде даусы мүлде ұяңданып, сөздері жан тебірентер әуезбен ән салып тұрғандай естіледі; еркіндігі, еркелігі қатар. Н.Дәу.
