Жарық дүниемен қоштасар сәт. ~ Оның жан-жағы толған замандастары: “Есіл, Қамар-ай! Шыныңменен сол жауызға кетесің-ау?..” дегендей қылып, “жан тәсілімде” қоштасқан секілді ығы-жығы, бірі басында, бірі аяғында мұңайысып отырып алған. С.Тор. ~ Жаралы жігіттің қайсарлығы ұстап жатқан жоқ-ты. Жан азабына, таяқ азабы қосылып, ес кеткен. Шорабайдың қамшысы оған бит шаққан ғұрлы сезілмейді. Миына зақым келген Бозорыстың жан тәсілім кезі жақындап қалып еді. З.Шүк. ~ Оның бет-жүзі, шынында да, бас сүйекке немесе жан тәсілім біреуден сыдырылып алынған бетпердеге ұқсап кетті. Э.Хэм.
