А). Өмірмен қоштасты, жүріп кетті, көз жұмды. ~ Жұма күні халық көп жиналып, жаназа оқып, Көкен моласы деген зиратқа апарып қойды. Ғали жан тәсілім қылғаннан бері Жамал ессіз болып жатқан еді. М.Дул. ~ Қопаға еңкейіп қалғанбыз. Сөйтсек Қонысбай шалдың кемпірі жан тәсілім қылыпты. Б.Қыд. ~ Жұмысшылар таңқараңғысында күндегі дағдымен киініп жұмысқа кетіп болғасын, Айбаланың жан тәсілім қылуға айналғанын жобалап: – Шырағым,– деді кемпір Ботагөзге,– сен далаға шығып келші. Көп жыладың ғой. С.Мұқ. ~ Бір күні аяқ астынан жүрегі қысқан кемпір жан тәсілім етті. М.Мұқ. ~ Орнына оншақты мәйіт – сол күні жан тәсілім еткен тұтқындардың тәні енгізіледі. С.Сағ. ~ Жоқ, жоқ, — деп жауап қатты бақылаушы әйел, жан тәсілім еткелі жатқан әйелдің әлсіреген даусын жақсырақ есту үшін еңкейе беріп. — Тезірек, әйтпесе бәрінің де кеш болуы мүмкін! Ч.Дик.
Ә). Жан сақтамақ болып алас ұрды, жанталасты. ~ Қанаттары жұлма-жұлма. Салбырап кеткен Әне құлайды, міне құлайды. Екі жағына кезек теңселіп жан тәсілім етіп келеді. Ә.Тар.
