Соңғы күшін жиды, әлденіп алды. ~ Табанымды тас тілді, таңдайым кеуіп өлдім-талдым дегенде бір өзенге жетіп жан шақырдым. Ж.Шәк. ~ Терезеден газ аралас лекіп соққан ыстық желдің өтіне танауын тосып жан шақырды. Т.Сәук. ~ Тақымы ашып, қас қарайып, әбден титықтағанда барып Салпаңқұлақтың тізгінін тартады. «Уһ» деп жан шақырады. Д.Дос. ~ Жан шақырып, аздап өзіме өзім келгеннен кейін, жан- жағымды мен де шолған болдым. Ә.Асқ. ~ Боранқұл: – Бармысың, ағатай, – дегенге әзер күйі келді. – Бармын, ештеме еткен жоқ, қорықпаңдар! – деген хабар алғаннан кейін зорға жан шақырды. Ғ.Біл. ~ Құм қайнатқан қайнарға қойып, үстін жалбызбен жапқан құмырадағы сусынды ағаш қасықпен қозғап – қозғап жіберді. Үшеуі отырып мұздай тары көжені ішіп алып жан шақырды. Күн шаңқайып тұр екен. Ш.Мұр. ~ Пішеншілер үзіліске шықты. Шоқ талдың көлеңкесіне жайғасқан үлкен-кіші түскілік ішіп жан шақырған соң, көк құрақтың сызына жантайысты. Ө.Кәр.
