Марқұм болған адамға құран оқыды. ~ Әуенмен алыспасаңшы… Баланың іңгәсінән, жаназаңда оқылатын Құранға дейін әуен емес пе… Мұның бекер. – Ақын жақтырмаған кейіп танытты. С.Әбік. ~ Көрші ауылдан келген молда атасының жаназасын шығаруға кірісіп жатыр екен. Т.Нұрм. ~ Тәукенің қарасының тұсында тіптен тыңайып алған. Марқұмды арулауға да, жаназасын шығаруға да, құдайы асына да ешкімді араластырмай өзі басшылық етті. Ә.Кек.
Қайтыс болды, жамбасы жерге тиді. ~ Ықсанның сол сөзімен Асан хазіретті «мұқтасарынан» келтірілген рауаятының жаназасы оқылды. Асан хазірет мүдіріп қалды да, одан әрі сөз таластыра алмады. І.Жанс. ~ Өткен октябрь жұлдызының 26-сында Троицкідегі «Русско – татарская школдың» бас учителі Латифолла мырза Ғабдулғазизов дүниеден қайтты. 29-шы октябрьде, бейсенбі күні жаназасы оқылып, аса қадір-құрметпен жамбасы жерге тиді. С.Тор. ~ Заман солай болды. Зауал боп келген тарих ел шетіндегі азғантай бір атаны алдымен қуып, ары-бері сандалтқанда, аттың жалында туып, аттың жалында жаназасы оқылған игі-жақсыларға туған жердің топырағы да бұйырмапты. Қ.Ысқ.
