Posted in

ЖАНАРЫ БОТАЛАДЫ

Көзіне жас келді. ~ Көпті көрген ақ басты ана беті шалбарланып, қабағына кейістік жиып, жанары боталап алысқа, алақанат қарлы көкжиекке көз жіберіп, түйіліп сәл ойлана қалды… С.Ел.~ Аз күн өткенде досы Гүлмарал имене есік қағып мені шақырды. Жанары боталайды. – Еркемнен айырылыппыз. Ж.Шәк. ~ Түйе үстінде — Хансұлу. Құндақтаулы баласы бауырында түйе жүрісіне ырғала түсіп отыр. Жанары боталап, ұйқысынан енді ояна бастаған кең дүниеге назар салады. С.Ел.