Бойын билеген қуаныштан көзі жанып, мейірлене қалды. ~ Қаракөзді ойнау Мұңлықтың көкейіндегі арманы еді. Жүрегі лүпілдей қуанған ол шар айнаға жанары нұрлана тігіліп, тапжылмай бір сәт отырып қалды. Н.Сер. ~ Екі– үш күнге дейін сөйлемей бұртиып жүреді де, Тастыбай құшағына қысып, тұмсығынан бір иіскесе бітті ғой, сылқ ете түседі. Сосын түк болмағандай көз жанары нұрға толып, жайнаң қағып шыға келеді. Қ.Жиен.
