Posted in

ЖАНАРЫ ТАЙДЫ

Көру қабылеті нашарлады. ~ Мынау анғал– саңғал тау қойнауып жаңа көргендей, жанары тайған көзін жасауратып қарады– ай, сосын асықпай– саспай өзгеше баппен дәреттеніп, асықпай шайынды. О.Бөк. ~ Таутеке Мергеннің күткеніндей– ақ тұсынан екі – үш арқан бойы жақындай берген кезде ол тақыр қолтықтың тұсын қарауылға іліндіре бере шүріппені басып қалған. Көз жанары тайса да кәнігі қолдың қателеспесіне сенімді. К.Сег.