Posted in

ЖАНАРЫН ТАЙДЫРДЫ (ТАЙДЫРЫП ӘКЕТТІ)

Тура қарауға дәті шыдамады, көзін алып кетті. * Солай ма? – Ақын өткір көзін қадап еді Ол жанарын тайдырып әкетті. – Ондайлардың бары не, жоғы не? С.Әбік. ~ Көзін алмап еді, кәрі ағаш барған сайын жылы ұшырап, қаусаған қарт атасына ұқсап кеткендей болды. Лезде жанарын тайдырып, терезені тарс жауып, көрпесіне бүркене кетті. Е.Бақ. ~ Келіп қалдың ба, Балта? — деп Тұрған қол ұсынған жігітке көлденеңнен көз тастады да сұрғылт жүдеу жүздің бозарып кеткен түгінен жанарын тайдырып әкетті. С.См. ~ Әлгі сурет – құдайдың екі жағында шырақ. Бұрыштағы Иконға оқыстан көзі түскен Нұрлан бір сәт арбасып қалғандай болды да, жанарын тайдырып әкетті. О.Бөк. ~ Қалың жұрттың ішінде өзіне үздіге қараған жігіттен ұялған қыз жанарын тез тайдырып әкетті. Қ.Мүб.