Posted in

ЖАНАРЫНА ЖАС ҰЯЛАДЫ (ЖАС ҮЙІРІЛДІ, ТЫҒЫЛДЫ, ЖАС ІРКІЛДІ)

Жылағысы келді, көзін жас тұмшалады. ~ Оралуы мүмкін ғой, ағай айтыңызшы, жарымжан қызын тастап мүлдем жоғалып кетуі мүмкін емес қой?! – Мүмкін емес! – деді Тасжан. Үнінде сенімсіздеу діріл бар. Жанарына жас ұялады. О.Бөк

)Көзіне жас келді. ~ … адамның жанынан өзгенің бәрі табылатын, сатушысы да, алушысы да, ұры- қарысы мен кәріп қайыршысы да құжынаған, азан- қазан базары бар Мәкканы күйзеле еске алғанда, жанарына жас үйірілді. А.См. ~ Алғашында меңірейіп тұрып қалған Бақытжанның көзі ашып, жанарына жас үйірілді. О.Бөк. ~ “Тым болмаса бір ауыз жылы сөз айтып жұбатып та кетпегені ме?..” Ернін жымқыра тістеп алды, жанарына жас үйірілді. Қ.Ысқ. ~ Шешесінің шаршылап жаулық тартысын таныған кезде ет жүрегі елжірей соқты. Жанарына жас тығылды. Д.Дос. ~ Нұрланның жанарына жас үйірілді, көңілі – осы әзірде ғана жауынның астында қалғандай, сонсоң аспанды торлаған бұлт ыдырап, күлімдеп күн шыққандай шуақты нұрға малынды. О.Бөк.

Көзіне мөлтілдеп жас келді. ~ Әзиз-Сұлтан кiшкентай бауырларына елжiрей қарады. Мойындары қылқиған аянышты түрлерiн көрiп, жанарына жас iркiлдi. Т.Сәу. ~ Өзімнен басқа ешбір жанның көзіне түспесе екен деп тіледі, сол жолы. Іштей күбірлеп, “Менікі бол, мендік болсаң қайтеді, жан қалқа!” –дегенде, жанарына жас іркілді. Р.Мұқ.