Адамды қайғы-мұңнан айықтыратын, көңілге қуаныш сыйлап, үміт себетін жүрек дауасы. ~ Жанға шипа мынау мөлдір ауа маған тек қана соның дем-лебізіндей боп танылады. Ә.Нұрш. ~ Ақындардың жалғыз тамшы жасынан, Жанға шипа табылар. М.Мақ. ~ Жақсы сөз – жарым ырыс… Жақсы сөз, жақсы ниет, жақсы пейілден артық жанға шипа не болсын, батыр. Н.Дәу.
