Posted in

ЖАНДЫ ҚАРА (ҚАРА-ҚҰРА)

Тірі жан. ~ Қарауытқан қалың нудың ішінен жылтылдап жанған шамның оты көрініп, үрген иттің даусы естілді. Жанды қара көрінбей алаңдап келе жатқан жолаушылар отты көріп, көңілденгендей болды. От көрінген жаққа бұрылып, бүгінгі түнді сонда өткізуге ойлады. Ж.Айм. ~ Күнбатыс жақта Баян тауы. Сәскелік оңтүстік жақтарда да таулар — «Шоқпар», «Әулие» таулары. Көзге түсерлік жерде жанды қара-құра жоқ. Қыстан шыққан ел әлі қыс тауларында. С.Сей.