Posted in

ЖАННАН БЕЗДІ

а) Тәуекелге бел буды. ~ Қазақтың қамсыздығын жаулар сезген, Тыңшысы қалмақтардың елді кезген. Шал-кемпір бейнесінде жер шарлаған, Санақшы тұтқындалды жаннан безген. Қожаберген ж. ~ Бұрын Америкені Еуропа, Азия, Априке жұрттары білмеген. ХҮІ ғасыр аяғында Еуропада сауда ұлғайып, капитал күшейіп, алтын құмарлық пайда болған. Сонда алтын іздеп жаннан безіп жүргендер Америкенің үстінен шыққан. А.Байт.
ә) Өмірден күдер үзді. ~ Күңіреніп «уһ» дегенде көкірегінен жалын шығып, еңіреген ананың көз жасын көріп, дүниеден, малдан, жаннан безіп, өлімге шындап бел байлаған елдің азаматтарын көріп, елдің текке қанға боялып, патшаның солдаттарынан қатын, бала, қарындас жәбір, зорлық көретінін біліп, жалғыз басқа күндіз-түні қайғылы қара тұман үймеледі. С.Сей. ~ Неміс артиллериясы есімізден тандырған жоқ па?! Кімнің қайда қалғанын көрмек тұрсын, ойранымыз шығып, жаннан бездік. Б.Тоғ.