Қайғырып, қапа болды, жүрегі ауырды. ~ Балалар мен жасөспірімдер арасында туа бітті пайда болған түрлі ауруларды емдеу жолында еңбек етіп, қазақ баласының болашағы үшін жаны ауырып, жүрегі сыздаған ардақты дәрігердің тәжірибесінде сал ауруына шалдыққан талай бала аяққа тұрып кетті. БАҚ ~ Атам соғысты есіне алғанда, жаны ауырып, жүрегі сыздайды. БАҚ. ~ Оның басынан өткен күндер қасіретіне жанымыз ауырып, жүрегіміз шаншып аузына қарап телміріп отырған біздерді ұмытқандай. О.Көш.
