Posted in

ЖАНЫ БАЙЫЗ ТАПТЫ

Көңілі тынышталды. ~ Өзін өзі жермен– жексен етсе, көңілі жай тауып қалатыны қызық. Лиманың жаны байыз тауып, шалқасынан жатқан күйі маужырап, көзі ілініп кетіпті. Ә.Тар. ~ Ағаштың қатты сынығын әкеп берді. Оның неге керегін білгенше жаны байыз таппай, тынышы кетіп тұр. С.Ом. ~ Көршілер өрт сөндірушілерді шақырған. Құтқарушылар Жанатбекті үйден алып шыққанда, аласұра бір күрсінді де, жаны байыз тапты. З.Жант.