Posted in

ЖАНЫ ЖАДЫРАДЫ

Көңіліне қуаныш құйылды.~ Байсұлтан көстеңдей басып қалқаға төселген киіз үстіне қонжия кетті. Жаны жадырап, жүрегі жылып салғандай. Ә.Асқ. ~ Қырсығының құрысы жазылып жаны жадырай бастаған ба қалай, сол әдетіне тез басты. Ә.Әб. ~ Ұстазы мен достарының қошеметінен жаны жадырап, шешендігі ширыққан балаға ұйқасты жолдар өзі орала кетті. А.Рақ.