Posted in

ЖАНЫ ЖАЙ ТАППАДЫ

Әлденеге қобалжып, мазадан айрылды. ~ Кемпірден бұрын денесі күйіп- жанып, ұйықтай алмаған келіншек жаны жай таппай алағызып далаға шығып еді. Ү.Жәл. ~ Бірләннің осы бір тұңғиыққа тірелген, жаны жай таба алмай, далада қалған жалғыз қаздай, азапты кезінде, композитор Ержан оның айтуына арнап жазған әндерін жіберген. І.Ес. ~ Кіндік қаны тамып, төсінде ойнақ салған туған жері есіне түссе ет-жүрегі елжіреп, мазасыз күй кешеді. Ел-жұртының ертеңін ойласа жаны жай таба алмай, аласұрады. Д.Рам.