Posted in

ЖАНЫ ЖАЙЛАУ

Пейілі кең, құшағы ашық мейірбандық туралы. ~ Жеңгелер көзді жаулап сымбат, әрі, әзілмен қайныларға тіл қатады… Осындай ел бар еді, жаны-жайлау, ақылгөй қариялы, жыр – баталы. Ф.Оңғ. ~ Бейбіт күнде Ықсанжан, тергеу, тексеріс аз болады. Өйткені ол кезде молшылық, елдің пейілі кең, жаны жайлау. М.Сүн. ~ Бұндай бір көл-көсір, жаны жайлауға айналған рухани бостандықты көптен ұмытып еді. Сондай сәтті бастан кешіп отырғанына қуанды. С.Ел. ~ Көңілі – көл, ойы – теңіз бұл халық, Жаны – жайлау, жүрегі ән-жыр халық. Күллі халық үлескенде мереке, Қойған башқұрт жырлап жүріп құр қалып. Т.Абд-а