Posted in

ЖАНЫ ЖАННАТТА БОЛҒЫР

Қайтыс болған адамның жаны пейішке баруын тілеу. ~ Бірі қараңғы подвал не бұтаның түбінде ит пен атжалманға жем болды, енді жаны жаннатта болғыр кейбірінің сүйегі порошок болып кетті. Т.Сәу. ~ «Жаның жәннатта болғыр, Асан ата! Бұл жалғаннан қайғы арқалап кетіп едіңіз. Обал-сауабы жоқ қайғысыздарға о дүниеде де қайғырып жатыр екенсіз-ау, жарықтық!.. Ғ.Қаб. ~ Бәрін айт та бірін айт, жаны жаннатта болғыр Күн сипатты сәруардың заманында Бозақия жері пейіш бағына айналды. Т.Сәу.