Posted in

ЖАНЫ ЖАҺАННАМАҒА КЕТТІ (АТТАНДЫ)

Өлді, о дүниелік болды. ~ Тістей қатып жабысқан орындарынан сәл қозғап сырғытып жібесе болғаны жандары жаһаннамаға, жаһаннамаға бергісіз шыңырау сай тағанына қарай төгіліп кеткелі тұр еді. Ғ.Біл. ~ Тымырсықта ұзақ жатып қалған өліктің иісі бұл! Өлген кісінің жаны жаһаннамға аттанарда тәні осылай сасып, қоңырсып кетеді. С.Сағ.