Posted in

ЖАНЫ КІРШЕҢ АДАМ

Қулық-сұмдыққа үйір, ниеті түзу емес д.м. ~ Адамды көзінен тануға болады дейді. Ол рас. Бірақ күлкісінен де тануға болады. Кейбіреулер өтірік күледі. Өтірік күлкі – жаны кіршең, пейілі пәс адамдарға Құдай өзі басып қойған қара таңба. Ш.Мұр. ~ Түсінесің, әлі бәріне де түсінесің, түсіндіремін, — деді ол әлдекімді іздегендей көзін алысқа, ерсілі қарсылы ағылып жатқан топтың арасына жіберіп, — сұлулығы өзімді де қызықтырсын мейлі, мен жаны кіршең қыздарға дұшпанымды да қимаймын, сен оған да түсінесің әлі. Ә.Әб. ~ Егер тым көрікті болса ең ақылды қыздардың да ақымақ болып кетуі оңай екенін, ондай қыздардың тәні таза болғанымен, жаны кіршең келетінін баяндамашы жолдас қалай білмейді екен? Ә.Әб.