Posted in

ЖАНЫ ТЫНЫШТАЛДЫ (ТЫНШУ, ТЫНЫШТЫҚ ТАПТЫ)

а) Көңілі орнықты, орнына түсті, қыртыс-тыртысы жазылды. ~ Бастаған істі ақырына жеткізбей жаны тыншымайды‚ бастаған тірлігін біреу орта жолдан бұзып жіберсе қанына қарайып қалшылдап кетеді. Қ.Жиен. ~ Ұлының амандығын білсе, ұлының дауысын естісе, ана байғұстың жаны тынышталады. БАҚ. ~ Бұл оның ашуын келтірді, ол оны спектакльден соң, қыртыс-тыртысы жазылып, ауруы басылған соң айтты, сахна сыртынан қарап жаны тынышталды. БАҚ.
ә). Күнделікті тірліктің әуре-сарсаңынан арылды. ~ Меніңше, — дедім мен, — одан дарға асылған партизандардың жаны тыншу табуына арнап дұға оқуды талап еткен жөн. Бас тартса — барша жұрттың алдында қарабет қылыңдар. Ч.Пав. ~ Түн баласында денесі дірілдеп жаны тыныштық таппаушы еді, бейсенбіден бері, екі тәулік бойы соның бәрі сап болды, — деді ханым ағылып. Ф.Дост. ~ Дамудың осы тұсында адамзатқа Алладан уахи түсіпті. Пайғамбарлар арқылы. Иесіне қауышып Адам жаны тыныштық тапты. Шынай бақытты сезді. С.Елу.