Зәресі ұша үрейленді; әлденеден қатты түңілді, өн бойы тітіркенді. ~ Бұл кітаптан жын-шайтан қашып кетер, Жаны шошып, зәресі ұшып, сасып кетер, Артына қайрылуға шама келмей, Қап тауының басынан асып кетер. С.Тор. ~ Қарт атқа теңдеп қойған отынды да, бүкіл дүниені де ұмытқан күйде отыр. Өткен өмірі үшін өзін ойша жазғырумен отыр. Өзінің істегендерінен өзінің жаны шошып, өзін-өзі ақтайтын дәлел іздеп дал болуда. Ә.Әл. ~ Ол кездегі милиция ұр да жықтардың атауымен, бес атарды «көк мойын құдай» деп, оны мойнына асынған адамнан жан-жануардың жаны шошып, үрпиісіп тұратын. С.Бег. ~ Ерлі-зайыптылардың жүректері іздемесе, шаңыраққа қауіп. Осыны ойлағанда Анажардың жаны шошып, жүрегі тітіркенді. Е.Әл.
