Posted in

ЖАНЫ ШЫҚТЫ

а) Қайтыс болды, көз жұмды. ~ Кемпірдің жаны шыққан соң, балалары келіп, иман айтып отырған Бейсекейді көріпті. Сол кемпірдің жаназасында Бейсекей болған да емес, аузын жыбырлатқаны болмаса, жөнді «иман» айтқан да емес, кемпірін өздеріне тастап тайып тұрған болатын. Ғ.Мұст. ~ Кіші келінім Кенжекей, О да болсын сенікі, Бір әділ жан менікі, Жіберші мені, шешеке! – дейді. – Жоқ, – деп кемпір онан сайын қысады, Ерназардың жаны шығып барады. ҚЕ.
ә) Қатты қобалжып, қорықты, мазасы кетті.
~ Ойына Балапан түсті. Мана мұны кетіп қалады деп жаны шығып жүр еді-ау. Қоштаспай кетсе өкпелейді ғой. Осы ауылда одан жақын кімі бар? Н.Сер. ~ Бөкен «құр-құрлап» жанына барып, дірілдеген денесін сипалап, иісім сіңді-ау деген кезде арқанды басына ноқталады да, арқасына қарғып мінді. – Әй, байқа, мөңкіп, жығып кетіп жүрмесін, – деп жорға Жұмабектің жаны шығып барады. Д.Әш.

Үздіге, жанын сала әрекет етті. ~ «Дұшпанның жаны шыға жамандағанынан сөзімнің тәуір шыққанын білдім», — деп Калинин айтқандай, кейбір әуре «білімпаздардың» талақша тырсия жамандағандарынан кітабым тәуірлеу жазылған-ау деген қорытынды жасадым. С.Сей. ~ Барлыхан жаны шығып бақырады, Біздерді «көмек бер» деп шақырады. Көк өгіз ештемені елер емес, – Соққылап «сойқан жасап» жатыр әлі. С.Тұр.