Жүрегі сыздады, аза бойы қаза болды. ~ Бүгінде Ботабайдың қабағы шытылса да Ғалияның жаны шыңғыра бастайды, бүгінде ол екеуінің қабағының шытылғаны — бұның жанының жылағаны, ондайда өзін қоярға жер таппайды. Ә.Тар. ~ … мөлдіреген екі жанардың астынан мөлтілдеген екі жас ақырын жылжып, әппақ, жұп-жұмсақ жүзіне қасірет сызығын сызып өтеді, сондайда Бәкеннің жаны шыңғырып ұлиды: “Қарағым-ай, жәутеңдеген көзіңнен айналдым-ай! Ә.Тар.
