Posted in

ЖАНЫН (ӨЗІН) ҚОЯРҒА ЖЕР ТАППАДЫ

Қайда тығыларын білмей, безек қақты, шарқ ұрды; не істерін білмей абыржыды. ~ Қу жанын қоярға жер таппаған ана елік балалардың алдын алай бір, былай бір кесіп, шөпті жапыра жүгіріп өтеді. М.Қаб. * Сол жолы мен қатты түңілдім. Адамнан да, өмірден де түңілдім. Мамама да еш нәрсе айтпадым. Оның өзі жанын қоярға жер таппай жүргенде папамның қайғысының үстіне қайғы жамап… Т.Ахт. * Осы кезде Омарбектің жүзі албырап барып, бір қуарып, бір қызарды. Ол шынымен Шалтабай өзіме бас қойып, құлдық ұрады деп ойлап, қуаныштан жанын қоярға жер таппады. Б.Қыд. ~ Баркөл алақаныма түсті деп мастанған көңілі бір сәт әлем-тапырық болып, өзін қоярға жер таппай тыпыршыды. Ж.Шәк.