Құтқарды, өмірін сақтап қалды. ~ «Ақкелеп» жалына айқайлап, көмек сұраған Наурызбайға қарамай, өз жанын алып қалу үшін оған қарамай қашқан Ағыбай батыр, ешкімге ешнәрсе деместен Арқаға бет алды. АҚ. “Арпалыспен…” ~ Бір күні қарақұрт шағып алды. Әкесі жалма-жан емін жасап, жанын алып қалды-ау. Бір күні үйілген маядан құлап, есінен танып қалды… C.Шәт. ~ Мұнан кейін қарақшы келе жатса, ала кететін әзірейілдей көрді. Мұны қарақшы білді. Енді не істеу керек? Айтып өлейін десе, жан тәтті. Айтпайын десе, жанын алып қалған жолдасы, қанша еңбегі далаға кетіп барады. БС. “Қыран қарақшы”.
