Бас пайдасы үшін ар-ұятын аяққа басты. ~ Қу құлқын үшін қазір жұрт не істемей жатыр. Жанын сатса да мал тапса – болды. Т.Сәу. ~ Мықтаса ол тәнін сатты, ал жанын сатқан имансыздар… олар… Жә, тоқта!.. Олар имансыз болғанда, сен… Бәсе, сен өзің… өзің ше? Ә, тиімсіз нәрсені ойлағың келмейді? Ә.Нұрп. ~ Дүниеде шайтанмен табақтас, бастас, аяқтас, істес-партнер болған адам туралы Достаевский жазды, шайтанға жанын сатқан кісі туралы Гете жазды, шайтан мінезді адамдар туралы Абай атамыз жазды, ал шайтанның өзіне ақыл үйреткен адам туралы әлі күнге ешкім жазбапты. Оқыған емеспін. Д.Дос. ~ Екі күннен кейін Мақсұт оқуына қайтты. Бірақ бұл жолы біреудің пəтерінде жаутаңдап қалған баласы мен «қайтсем баспаналы болам», – деп жанын саудаға салып отырған жарын ойлап қолынан келер қайран жоқ, іші қазандай қайнап ұшаққа отырды. С.Досж.
