Posted in

ЖАНЫНА БАЛАДЫ

Жанындай жақсы көрді. ~ Өлгеннің артынан өлмек жоқ демекші… жылай-жылай жүріп екі үйдің де ауыртпашылығын өзі көтерген… жанына балаған жарының мезгілсіз қазасы жеңгесін морт сындырған… Қ.Мүб. ~ Қыстың ызғары басталғанша ақкөктің жарасы толық жазылып кетті. Міне қалсаң жел қайықтай сырғитын сайгүлікті Асу жанына балап, көзінен таса қылмады. М.Алм. ~ Көңіліне жақпаған адамын көргенде жауар бұлттай түнере қалып, тымырайып үнсіз отырып қалатын, жанына балаған жақын адамын көргенде жазғы күндей жадырап, бұлбұлдай сайрап кететін желқобыз адамдар болады. С.Ом.