Көз қуанышы, көңіл медеті, жанына демеу. ~ Жазда келіп- кетіп жүргеніңде көңіліңнің бұзылып жүргенін сезгем. Бірақ
жиырмадағы жас қыз емес, жанына жалау болар бірдеңе туса туып алар деп едім. С.Досж. ~ Жат жерде жанына жалау етіп жүрген жалғыз бауырынан қапыда айырылып қалған ол жер бауырлап жатып қалды. Ү.Жәл. * Жаныңа жалау болар бала тауып ал, ең болмаса деп өзімен- өзі жүрген момын жанның құлағын көтерген өзі екенін біледі. С.Досж. ~ Аңыз болып Есімі елге тараған. Жұрт жанына жалау болып Жараған. Халық үшін жанын қияр қыранды «Өз ауылының иті үріп, талаған». Л.Таст.
