Жасқаншақ, аяншақ адамға қатысты айтылатын мысқыл. ~ Ойбай, ақырын! — деп шыңғырып жібердім. — Өй, сужүрек неме, жанының тәттісін қарай гөр. Тоқтай тұр. Өлмейсің. Сынған түгіл, дәнеңе де етпеген. Тек көк еті ауырып қалған ғой. Б.Соқп. ~ О, ерің-ай! — Шіркіннің жанының тәттісін қарашы, Кертөбелге де жеткізбей кеткен. І.Ес. ~ Басына кепкен қарын кептегендей қатқан қара шал екенін қас қағымда бұл байқап үлгерді. «Жанының тәттісін! » — деді іштей мырс етіп. Д.Әш.
