Posted in

ЖАҢА АЯҚТАНҒАН БОТАДАЙ

Аяғын әзер басып, қалт-құлт еткен; жаңа жүре бастаған. ~ Төбелеске айналады там-тұмдап. Бір кездегі сылқым жігіт Төкебай, Алдындағы арықшадан өте алмай, Жығылатын болды, міне қуысқа, Жаңа ғана аяқтанған ботадай. А.Тоқ. ~ Өстіп бұлар алыстан да, жақыннан да көңілдері суып, жандары күйзеліп жүргенде, әйтеуір, кешеден бері Жәмеш те ептеп бас көтере бастады. Бірақ алысқа ұзап шыға алмайды, жаңа аяқтанған ботадай, есік алдында біраз тәлтіректеп жүреді де, қайтып келіп, тағы да жатады. Д.Әш.