Posted in

ЖАҢҚАДАЙ ҰШТЫ (ҰШЫРДЫ)

Жойқын соққыдан ұшып кетті, аяғы аспаннан келді. ~ Көмекке тапал қара шығып еді, жолын кескестей берген Лексей Лексеичті: “Анаңды!” — деп қағып жібергенде жаңқадай ұшып арбаның астынан бірақ шықты. Қ.Ысқ. ~ Бірін бірі тықсырған арқырауық ақжал толқындар әлгіні бірде жаңқадай ұшырып, аспанға алып шығады да, бірде теңіздің шыңырау түбіне тастап келіп жібереді. Б.Соқ.