Posted in

ЖАҢСАҚ ЕСТІДІ

Дұрыс естімей қалды, шалыс естіді. ~ Смик, сен күні бойы бассейннен шықпайсың. Суға түскен адам тамақты жақсы ішуі керек! — деді отағасы баласының өлі дымы кеппеген шашынан сипап. Әділ селт етіп басын көтеріп алды. Әуелде жаңсақ естідім бе деп ойлаған. Қ.Жұм. ~ Ғалым. (өзін тежей алмай, ұшып тұрды). Міржақып Дулатов ақталды, апатайым!.. Ақталды! Гүлнәр. (сүлесоқ күймен таңдана). Қойшы! Ақталғаны несі?! Жаңсақ естіген шығарсың, ағат болып шықпасын?! Өз құлағыма сенбеймін! Қ.Әл. ~ Тізімде Демежанның аты-жөні жоқ болып шықты. Басында жаңсақ естідім бе, немесе шабарман жаңылып айтпай кетті ме деп ойлаған. Жоқ, бәрі ап-анық, қағазға жазылған дүниеде жаңылыс болушы ма еді. Қ.Жұм.