Posted in

ЖАПЫРАҚТАЙ ҚАЛТЫРАДЫ (ДІРІЛДЕДІ)

Қатты қобалжыды; үрейленді, қорқып, қалтырады. Зәре-құты қалмай қорықты. ~ Баян бәйбіше келуін келсе де, төргі бөлмеге кіруге бата алмай босағада тұрып: — Қасына таман барып байқашы, аузынан аққан көбік бар ма екен? — деді даусы қалтырап. — Онда… онда қайтушы еді? — деп Шалтайдың денесі жапырақтай қалтырап кетті. Ә.Әб. ~ Жаңа ғана қатты қорыққанынан, бұдан бар екпініне салып қашқанынан ащы тері судай аққан еліктің жақын тұста жапырақтай қалтырап тұрғанын ұмытқан секілді. Ғ.Жұм. ~ Әр жауынгер қолына үшкіл хат тиіп, оның сыртындағы өзіне таныс қолдың таңбасын көргенде жел қозғаған жапырақтай дірілдеп, тез оқып шыққанша тағаты қалмай асығатын. Ә.Нұрш.