Posted in

ЖАР ҚЫЗЫҒЫН КӨРДІ

Сүйген жарымен махаббат ләззатын татты. ~ Кімнен қалса да, әйтеуір, бұларға жиырма жылдай жылы ұя болғаны анық. Жар қызығын, жалғыз ұлдың қуанышын Есберген осы үйде көрді. Д.Әш. ~ Жастықтың ең бал шырынын татар шақтарында, нағыз жар қызығын көріп, бала қылығын қуаныштар кезінде екеуінің екі жақта жан күйзелісін тартып, жылап-сықтап жүргені кімге керек болыпты? Ш.Бей. ~ Оның бұл сөзі — сол аспаннан да биік, сол күннен де жалынды махаббат сөзі еді. Өйткені ол жан шаттығы — жар қызығын тұңғыш рет өткен жылы, дәл бүгінгі күні көрген-ді. Ә.Әб.