Posted in

ЖАРАСА КЕТТІ

Шақ келді, сәнін келтірді, өңін ашты. ~ Қара түлкі жағасы жылтылдап жараса кетті. Өңін аша түскен. Олпы-солпысы жоқ, әбден шақ. Бірақ келіншегі тұлып беттеніп тұр. М.Қаб. ~ Толық денелі, қалың қасты, дөңгелек жүзді, қара жылтыр, буырыл тартқан, әдемі бұйра сақалды, келбетті кісіге тақия да, пальто да құйып қойғандай, құп жараса кетті. Т.Рыск. ~ Астары жалт-жұлт атласты қара-қоңыр плащ та өзіне құйып қойғандай жараса кетті. С.Смат.