а) Қалқиған жұқа құлақ. ~ Әй, бірақ, өйтіп, өліп-өшіп, сары майдай сылқып отырған сұлу қыз ерні тілік-тілік, беті жалақ-жалақ, жарғақ құлақ Жақанды қайтушы еді. Ә.Кек. ~ Елтірі тымақтары шалқая, жарғақ құлақтары қалқая тыңдап, сілтідей тынып отырған жұрттың арасынан ұшқан шыбынның ызыңы естілер еді. Ғ.Біл. ~ Осы сәт не болғанын білмейді. Ала сайтаны қозып кетті. Хансұлудың қолын қағып жіберіп, шишасын көтеріп тұрған жарғақ құлақ мұғалімді құлақ шекеден қонжитты. Мұрттай ұшты мұғалім. С.Ел.
ә) Не болса соны тыңдап мезі болған байғұс құлақ д.м. ~ Жағаңа жармасып тұрып жарапазан оқығанда жарғақ құлағыңды жарып жібере жаздайды!.. Ойбай, бері жүр, әне біреуі тағы да жол торып отыр!.. Қ.Ысқ. ~ Жаһанданудың жағдаяттары біз пақырыңыздың жарғақ құлағымызға жағыңқырамады. М.Байғ.
